1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі − тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 3 желтоқсандағы № 190-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с№ | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындаумерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | А.А. Смағұлов |
2. | "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2023 жылғы қаңтар | И.В. Лепеха |
3. | "Арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 мамырдағы № 643қбп қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ, ТЖМ | 2023 жылғы қаңтар | И.В. Лепеха, И.Д. Күлшімбаев |
4. | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2023 жылғы қаңтар | И.В. Лепеха |
5. | "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2023 жылғы қаңтар | А.Қ. Мұқанова |
6. | Бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінің тізімін және шекараларын белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | К.В. Петров |
7. | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | К.В. Петров, А.Г. Щегорцова |
8. | Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | К.В. Петров |
9. | Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | А.Г. Щегорцова |
10. | Cайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы | ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | С.С. Мустафина |
11. | "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2023 жылғы қаңтар | Б.Б. Омарбеков |
12. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бірлескен бұйрығы мен қаулысы | МҚІА ОСК (келісу бойынша) | 2023 жылғы қаңтар | А.С. Жолманов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ОСК – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ҰЭМ − Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ − Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
МҚІА −Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ТЖМ − Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі