Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 маусымда № 23158 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 23.01.2023 № 17 және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.01.2023 № 26/670 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 23.01.2023 № 17 және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.01.2023 № 26/670 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулының оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы __________Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
төрағасы __________А. Жаилғанова

  Бірлескен
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының
2021 жылғы 21 маусымдағы
№ 102 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 22 маусымдағы
№ 4/407 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 23.01.2023 № 17 және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.01.2023 № 26/670 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысандағы аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 1), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен немесе нотариалды куәландырылған көшірмелермен салыстырады.

      Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның есептері бойынша мәліметтердің болуы/болмауы туралы деректерді алу үшін жеке тұлғаға берген жауабын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кандидаттың бiлiктiлiк талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындыны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жолдайды.

      _______________

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет
саласындағы заңнамасының
талаптарына сәйкестікті тексеру
үшін аудандар, облыстық маңызы
бар қалалар, аудандық маңызы
бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтердің әкімдеріне
кандидаттардың тиісті аумақтық
сайлау комиссиясына ұсынатын
құжаттарының тізбесіне
қосымша

      Нысан

АУДАНДАР, ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАР, АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА В АКИМЫ РАЙОНА, ГОРОДОВ ОБЛАСТНОГО ЗНАЧЕНИЯ, ГОРОДА РАЙОННОГО ЗНАЧЕНИЯ, СЕЛА, ПОСЕЛКА, СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

1.

Т.А.Ә. 1 _______________________________________________________ (осы жолда Т.А.Ә. қазақ тілінде толтырылады)
Ф.И.О. 1 _______________________________________________________ (осы жолда Т.А.Ә. жеке басын куәландыратын құжатпен бірдей толтырылады)

2.

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория
(в данной строке указываются: должность, полное наименование организации, структурного подразделения и категория занимаемой должности (при наличии)

3.

ЖСН / ИИН 1 _______________________________________________________ (осы жолда жеке сәйкестендіру номері көрсетіледі)

4.

Туған кезі / Дата рождения

(осы жолда туған кезу КК/АА/ЖЖЖЖ форматында көрсетіледі)

5.

Туған жері / Место рождения

(осы жолда туған жері, елді мекен, аудан, облыс көрсетіледі)

6.

Ұлты / Национальность

(осы жолда жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген ұлты жазылады)

7.

Білімі / Образование

(осы жолда тек келесі білім деңгейлері көрсетіледі – техникалыө және кәсіптік, жоғары, жоғарыдан кейінгі)

8.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

(осы жолда оқу орнын бітірген жылы және оның аяқталуының хронологиялық тәртіппен білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес оқу орнының толық атауы көрсетіледі)

9.

Мамандығы бойынша біліктілігі / Квалификация по специальности

(осы жолда білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес мамандығы бойынша біліктілігінің атауы көрсетіледі)

10.

Мамандығы / Специальность

(осы жолда білім туралы құжаттың деректеріне сәйкес мамандықтың атауы және коды (бар болған жағдайда) көрсетіледі)

11.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание

(осы жолда білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген қорытындыда көрсетілген ғылыми дәрежесі мен атағы көрсетіледі)

12.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет /
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу

(осы жолда Қызметтік тізімді толтыру күнінен соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін қолданылған тәртiптiк жаза түрі туралы мәлiмет және қолданылған күні, оның ішінде мерзімінен бұрын және (немесе) алты мерзімі өтуіне байланысты алынған тәртіптік жазалар көрсетіледі)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации


қабылданған / приема

босатылған / увольнения






      Ұсынылған ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін. /

      Отвечаю за достоверность предоставленной информации и несу ответственность за подлинность представленных документов.

_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

_______________ күні / дата

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазымы жеке бағанда толтырылады / Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады