Қазақстан Республикасының "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытсын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 127-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 10 шілдедегі заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АҚДМ | 2023 қыркүйек | Е.Д. Кочетов |
2 | Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және "Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 344 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ | 2023 қыркүйек | Е.Д. Кочетов |
3 | Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ | 2023 қыркүйек | Е.Д. Кочетов |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.