Қазақстан Республикасының аумағында орман-дала өрті кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін беру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 138-ө өкімі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында орман-дала өрті кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін беру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

      1) mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерінің іркіліссіз жұмысын істеуін;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттеріне және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистері арқылы жану аумағында Жерді қашықтан зондтау деректерін беруді;

      3) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен олардың аумақтық бөлімшелерінің жұмысы үшін қажетті кеңістіктік деректерді (термалды нүктелердің, өрт сөндіру бөлімдері мен станциялардың орналасқан жерінің, әуе көлігімен доңғалақты көлік су алатын жерлердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекараларының сипаттамасын қамтитын деректер) mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерінде уақтылы жүктелуін;

      4) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою үшін mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерімен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығын әзірлеуді және бекітуді;

      5) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері мен олардың аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлері үшін mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерін пайдалану бойынша жыл сайынғы оқыту семинарларын өткізуді қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктері mchs.gharysh.kz және forest.gharysh.kz кеңістіктік деректер геосервистерін пайдалану тәртібін тиісті ведомстволық құқықтық актілерде және жауапты қызметкерлерді бекіте отырып, оларды пайдалануды және өрт қауіпті кезеңде күнделікті мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады