"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі";
"Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі";
көрсетілген өкіммен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияны ұйымдастыру мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |