"Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 117-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 117-ө өкіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Кеңестің жұмыс органдары:

      қорғаныс мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылады.

      5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің міндеті

      6. Қойылған мақсат шеңберінде Кеңеске:

      қорғаныс саласындағы:

      1) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

      2) мемлекеттік материалдық резерв;

      3) азаматтық қорғаныс;

      4) қорғанысты көліктік қамтамасыз ету;

      5) аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету;

      6) қорғаныс мүддесінде аумақтарды жедел жабдықтау;

      қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау;

      2) мемлекеттік органдарға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі бойынша, жеке және заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттау, кері экспорттау, импорттау және олардың транзиті тәртібі бойынша ұсынымдар дайындау;

      3) қорғаныс өнеркәсібі;

      4) қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс;

      6) әскери-техникалық саясат және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту;

      7) шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қарау жөніндегі міндеттер жүктеледі.

3-тарау. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 7 тамыздағы
№ 117-ө өкіміне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады