"Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 90-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 138-ө Өкімі

       "Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылсын.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қоса беріліп отырған Республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республикалық комиссия атқарылған жұмыс туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін 2025 жылға дейін тоқсан сайын хабардар етіп тұрсын.";

      көрсетілген өкімге қосымша осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 138-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 90-ө өкімімен
бекітілген

Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясының құрамы



      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      облыстар әкімдерінің орынбасарлары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады