Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің 2024 жылғы жұмысының түйінді көрсеткіштерін мониторингтеудің картасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 166-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысының:

      1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес 2024 жылы "D" және "E" санатындағы отбасы санын азайту бойынша;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес 2024 жылғы өлім-жітім бойынша түйінді көрсеткіштерін мониторингтеудің картасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген көрсеткіштер бойынша өзекті деректерді беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Отбасының цифрлық картасындағы деректерді жаңартуды қамтамасыз етсін.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 166-ө өкіміне
1-қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын 2024 жылы "D" және "E" санатындағы отбасы санын азайту жөніндегі түйінді көрсеткіш бойынша мониторингтеу картасы


Р/с
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы Көрсеткіш
атауы
Өлшем
бірлігі
Нақты мәні * Жоспарлы мәні
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2024 жыл
1 2 3 4 5 6







Қазақстан Республикасы

"D" және "E" санатындағы отбасылар санын төмендету

отбасы саны

1 524 051

1 472 092

1

Абай

48 183

46 933

2

Ақмола

67 838

65 338

3

Ақтөбе

56 344

54 719

4

Алматы

168 265

161 257

5

Атырау

34 174

33 174

6

Батыс Қазақстан

47 494

45 869

7

Жамбыл

114 590

112 490

8

Жетісу

66 834

65 584

9

Қарағанды

96 318

86 686

10

Қостанай

68 367

65 867


11

Қызылорда



61 354

60 229

12

Маңғыстау

45 494

44 619

13

Павлодар

60 419

58 794

14

Солтүстік Қазақстан

48 948

47 198

15

Түркістан

175 360

164 832

16

Ұлытау

13 291

12 616

17

Шығыс Қазақстан

54 079

52 704

18

Астана

93 591

92 716

19

Алматы

122 017

120 617

20

Шымкент

81 091

79 850


      Ескертпе: * Отбасының цифрлық картасының деректеріне сәйкес. Көрсеткішті есептеу облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің 2024 жылы жұмысын "D" және "E" санатындағы отбасы санын азайту жөніндегі түйінді көрсеткіш бойынша мониторингтеу картасына қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  Облыстар, республикалық маңызы
бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын
2024 жылы "D" және "E" санатындағы
отбасы санын азайту жөніндегі түйінді
көрсеткіш бойынша мониторингтеу
картасына қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын 2024 жылы "D" және "E" санатындағы отбасы санын азайту жөніндегі түйінді көрсеткіш бойынша мониторингтеу картасына түсініктеме

      "D" санатындағы отбасына дағдарыста жүрген отбасылар жатады.

      "Е" санатындағы отбасына жағдайы мүшкіл отбасылар жатады.

      "D" және "E" санатындағы отбасы санын азайту" көрсеткішін есептеу бойынша түсініктеме:

      1) отбасылардың әлеуметтік саламаттылығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32923 болып тіркелген) бекітілген Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесі негізінде анықталады;

      2) облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы "D" және "Е" санатындағы отбасы саны Отбасының цифрлық картасы мәліметтерінің негізінде қалыптастырылады және қаралып отырған аумақта тұратын жалпы отбасы санына қатысты есептеледі;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "D" және "Е" санатындағы отбасы санын азайту көрсеткішіне қол жеткізу жөніндегі рейтинг көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол қарай бойынша айқындалады:

      Орындалу пайызы= Нақты мәні Жоспарлы мәні× 100,

      мұндағы:

      жоспарлы мәні – өңірге арналған нысаналы көрсеткіш;

      нақты мәні – есепті кезеңнің соңында (жыл қорытындысы бойынша) Отбасының цифрлық картасы негізінде тіркелген көрсеткіштің қол жеткізілген мәні.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 166-ө өкіміне
2-қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын 2024 жылғы өлім-жітім түйінді көрсеткіштері бойынша мониторингтеу картасы


Р/с
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Нақты
мәні *
Жоспарлы
мәні
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2024 жыл
1 2 3 4 5 6







Қазақстан Республикасы

халықтың жалпы өлім-жітімінің төмендеуі

1000 адамға шаққанда

6,59

6,5

1

Абай

9,02

8,82

2

Ақмола

8,90

8,68

3

Ақтөбе

6,10

6,16

4

Алматы

6,12

6,09

5

Атырау

5,10

4,96

6

Батыс Қазақстан

8,05

7,81

7

Жамбыл

6,08

5,89

8

Жетісу

7,27

7,06

9

Қарағанды

9,38

9,39

10

Қостанай

10,05

10,02


1

2

3

4

5

6

11

Қызылорда



5,38

5,38

12

Маңғыстау

4,52

4,16

13

Павлодар

9,43

9,14

14

Солтүстік Қазақстан

11,47

11,06

15

Түркістан

4,73

4,68

16

Ұлытау

8,58

8,45

17

Шығыс Қазақстан

11,31

10,98

18

Астана

3,82

3,82

19

Алматы

5,40

5,38

20

Шымкент

4,08

4,16


      Ескертпе: * Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 1 қыркүйектегі деректеріне сәйкес. Көрсеткішті есептеу Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын 2024 жылғы өлім-жітім түйінді көрсеткіштері бойынша мониторингтеу картасына қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

  Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар
және астана әкімдерінің 2024 жылғы жұмысын
өлім-жітімнің негізгі көрсеткіші бойынша
мониторингтеу картасына қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жұмысын 2024 жылғы өлім-жітім түйінді көрсеткіштері бойынша мониторингтеу картасына түсініктеме

      "Халықтың жалпы өлім-жітімін төмендету" көрсеткішін есептеу бойынша түсініктеме:

      1) өлім-жітімнің жалпы коэффициенті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17555 болып тіркелген) бекітілген Өлім-жітім көрсеткіштерін есептеу әдістемесі негізінде есептеледі;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өлім-жітім көрсеткіші бойынша рейтингі көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткізу бойынша айқындалатын болады:


      Орындалу пайызы = Жоспарлы мән Нақты мәні× 100,

      мұндағы:

      жоспарлы мән – өңір үшін белгіленген, халықтың 1000 адамға шаққандағы өлім-жітімнің нысаналы көрсеткіші;

      нақты мәні – есепті кезеңде халықтың 1000 адамға шаққандағы өлім-жітімнің нақты көрсеткіші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады