"Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1992 жылғы 12 маусымдағы N 142

      1. Көкшетау облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминiнiң өтiнiш етуiне сәйкес, Шучье-Бурабай, Шалқар мен Имантау курорттық-рекреациялық аймағында "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру тиiмдi болады деп танылсын.
      "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, оның алдағы уақыттағы территориясында тиiстi күзет тәртiбiн орнату мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы Өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Бурабай орман шаруашылығының базасында ұлттық табиғат паркiн жобалау жөнiндегi уақытша дирекция құру туралы Көкшетау облысы әкiмiнiң және республикалық Экобиоресурсминiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Көкшетау облысының әкiмi "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң уақытша дирекциясы туралы Ереженi бекiтсiн және уақытша дирекцияны ұлттық парктiң техникалық-экономикалық негiздемесi бекiтiлгенге дейiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады