Балық өнiмi мен уылдырықты экспортқа өткiзуден алынған валюта түсiмiне салынатын салықтан босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 13 қазан 1992 ж. N 301

      1. Балық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi ескiрiп, тозығы жеткен жабдықтарды түбiрiнен қайта жаңарту, өндiрiстiк-технологиялық желiлердi толық қайта жаңалау және экспортқа шығарылатын өнiмдердiң тұтынушылық қасиеттерiн жақсарту қажеттiгiне байланысты "Атыраубалықөнеркәсiп" өндiрiс бiрлестiгi үш жыл мерзiмге /1992 жылғы 1 тамыздан бастап 1995 жылғы I тамызға дейiн/ балық өнiмi мен уылдырықты экспортқа өткiзуден алынған валюта түсiмiне салынатын салықтан босатылсын.
      2. Қазақстан Әлем Банкi "Атыраубалықөнеркәсiп" өндiрiс бiрлестiгiнiң валюта қаржысын нысаналы жұмсауына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Валютаны өндiрiстiк қызметке қатысы жоқ мақсаттарға жұмсауға тыйым салынсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады