1. Өнеркәсiп министрлiгi жанынан республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн әзiрлеу жөнiндегi орталық құрылсын.
2. Республика өнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiретiн экономиканың мемлекеттiк секторының /корпорация, концерн, бiрлестiк, қауымдастық/ ұйымдық-шаруашылық басқару құрылымының басшылары:
республиканың өнеркәсiп салаларын басқарудың жаңа жүйесiн
әзiрлеу жөнiндегi орталықпен iскерлiк ынтымақтастық орнатсын және оның тiкелей қатысуымен холдинг жағдайындағы ұйымдық құрылым жасауды ұйымдастырсын; саланы қауымдастық холдинг компаниялары арқылы басқару жүйесiне көшу жөнiнде әзiрленген нормативтiк құжаттарды 1992 жылғы 30 қазанға дейiн Өнеркәсiп министрлiгiне табыс етсiн. 3. Өнеркәсiп министрлiгi /Власов, Нұрмұхамедов Ж.Ж./ 1992 жылғы 5 қарашада дайындалған материалдарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Президиумында қарау үшiн Үкiметке енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары