Әскери техниканы экспорттау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 ж. 7 маусым N 232-ө
"КЭМПО" корпорациясының кәсiпорындары экспортқа берiп тұратын қару-жарақ пен әскери техника, арнаулы жинақтаушы бұйымдар, жұмыстар мен қызметтер тiзбесi N 1 қосымшаға (құпия) сәйкес;
"КЭМПО" корпорациясының кәсiпорындары экспортқа берiп тұратын арнаулы өнiмдер, жинақтаушы бұйымдар, жұмыстар мен қызметтер тiзбесi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
"КЭМПО" мемлекеттiк корпорациясы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен келiсiм бойынша кәсiпорындардың ТМД елдерiмен әскери-техникалық ынтымақтастығы саласында қару-жарақтың, әскери техниканың, арнаулы жинақтаушы бұйымдардың, жұмыстар мен қызметтердiң экспорты мен импорты жөнiндегi өтiнiштерiн бекiтiлген тiзбелерге және жасалған шарттарға (контрактiлерге) сәйкес қарастырсын.
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi тiзбеде көрсетiлген өнiмдердiң, жұмыстар мен қызметтердiң экспорты мен импортына "КЭМПО" Мемлекеттiк корпорациясының рұқсаты бойынша кәсiпорындарға лицензия беру мәселесiн қарайтын болсын.
Тiзбелерде көрсетiлген өнiмдердi өндiру, жұмыстар мен қызметтердiң ақшаға шаққандағы көлемiн өнiм жасаушы кәсiпорындар инфляцияны ескере отырып уағдаластық негiзде тапсырыс берушiлермен нақтылайды.
Премьер-министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
1993 жылғы 7 маусымдағы
N 232 өкiмiне
N 2 қосымша
"КЭМПО" корпорациясының кәсiпорындары, 1993 жылы
экспортқа берiп тұратын арнайы өнiмдердiң,
жинақтаушы бұйымдардың, жұмыстар мен қызметтердiң
ТIЗБЕСI
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз