"ALMAREX" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1993 ж. 2 шiлде, N 267-ө
1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Iс басқармасының өзiнiң қарауындағы өндiрiс-пайдалану бiрлестiгiнiң қатысуымен "HANTAREX С.Y." фирмасымен "ALMAREX" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. "ALMAREX" бiрлескен кәсiпорнының негiзгi функциялары Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппаратын, облыс әкiмдерiнiң аппараттарын ақпаратпен-есептеумен қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу, жалпы мемлекеттiк ақпараттандыру бағдарламасы шеңберiнде Қазақстан Республикасының Ғылым және күтiм жасауды ұйымдастыра отырып, техникалық және бағдарлама құрал-жабдықтарын берiп тұру болатыны еске алынсын.
3. "ALMAREX" бiрлескен кәсiпорнының жарғылық қорының үлесi ретiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Iс басқармасының өндiрiс-пайдалану бiрлестiгiнiң негiзгi құрал-жабдығының бiр бөлiгiн пайдалануға рұқсат етiлiп, ол құрылтай шартының талаптарында ескерiлетiн болсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз