Паспорт бланкасы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 14 шiлде 1993 ж. N 283-ө

      1. Паспорттардың бланкiлерiн жасау мен тасымалдаудың одан әрi қымбаттай түсуiне байланысты 1993 жылғы 1 тамыздан бастап берiлетiн паспорт үшiн азаматтардан алынатын төлем 350 сом мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша берiлетiн паспорт үшiн азаматтардан алынатын төлемдi паспорт бланкiлерiн жасауға, тасымалдауға және оларды беруге дайындауға байланысты шығыстарға сәйкес өздiгiнен белгiлеу құқы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 23 ақпандағы N 44 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
             Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады