Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIНIҢ ӨКIМI 2 ақпан 1994 ж. N 44-ө

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 маусымдағы N 1218 қаулысын орындау үшiн (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 жыл, N 19, 234-бап) және авария, апат және табиғи зiлзаладан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимыл жасау жөнiндегi республикалық тұрақты басқару жүйесiн қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары жұмыстан тыс, демалыс және мереке күндерi орталық аппараттардағы бiрiншi басшылардың қабылдау бөлмелерiнде қосымшаға сәйкес жауапты адамдардың кезекшiлiк атқаруын ұйымдастыратын болсын.
      Тағайындалған кезекшiлердiң мiндетi мен жауапкершiлiгiне төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жәйiнде дер кезiнде шаралар қолдану үшiн тәулiктiң қай уақытында болсын министрлiктер мен ведомстволардың басшыларына төтенше жағдайлар туралы ақпаратты және жоғарғы басқару органдарының өкiмдерiн қабылдап алып дереу жеткiзудi қамтамасыз ету жатқызылатын болсын.
      2. Республика министрлiктерi мен ведомстволарының бiрiншi

басшылары кезекшiлiк және кезекшiлiк-диспетчерлiк қызметтiң 
тыңғылықты жұмысын қамтамасыз етсiн, қол астындағы құрылымдардың
пайда болған төтенше жағдайларда уақтылы әрi пәрмендi әрекет
жасауын жеке өзi бақылауға алсын және оның зардаптарын болдырмау
үшiн белсендi түрде жедел шаралар қолданатын болсын.

     Премьер-министр
                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-министрiнiң
                                       1994 жылғы 2 ақпандағы
                                           N 44 өкiмiне
                                             Қосымша

            Бiрiншi басшыларының қабылдау бөлмелерiнде жұмыстан
        тыс уақытта орталық аппараттардағы жауапты қызметкерлердiң
          кезекшiлiгiн ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының
                 министрлiктерi мен ведомстволарының
                             Тiзiмi

     Денсаулық сақтау министрлiгi 
     Өнеркәсiп министрлiгi
     Байланыс министрлiгi
     Ауыл шаруашылығы министрлiгi
     Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi
     Көлiк министрлiгi
     Энергетика және отын ресурстары министрлiгi
     Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитет
     Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет
     Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен
     қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитет
     Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк
     "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     "Қазэнергоқұрылысмонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк әуекомпаниясы
     "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     "Қазақстанэнерго" мемлекеттiк электроэнергетикалық компаниясы
     "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады