Ұлттық валютаны (теңгенi) еркін айналыстағы валютаға басымдықпен айырбастау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 16 ақпан 1994 ж. N 61-ө

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң ұлттық валюта - теңгенi демеу мақсатында Қазақстан нарығын тұтыну тауарларымен молықтыру бағдарламасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Түркиядағы Сауда үйiн тарту жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Түркиядағы Сауда Үйi импорт бойынша 50 млн. АҚШ доллары сомасында осындай тауарларды сатып алуды жүзеге асырсын, оған тиiстi кепiлдiктер берiлсiн.
      3. Қазақстан Әлем банкi Қазақстан Республикасының Қаржыминi кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасының Түркиядағы Сауда үйiнiң келiсiмдер мен контрактiлер жасасуы үшiн кепiл берушi болсын.
      4. Валюта биржасы, республиканың уәкiлдiк алған банкiлерi Қазақстан Республикасының Түркиядағы Сауда үйiнiң жасасылған контрактiлер мен келiсiмдер бойынша өз мiндеттемелерiн орындауы үшiн оған ұлттық валютаны (теңгенi) еркiн айналыстағы валютаға басымдықпен айырбастап берудi жүзеге асырсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады