Титан өнеркәсiбi туралы

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIНIҢ ӨКIМI 20 сәуiр 1994 ж. N 155-ө

      "Қазақстан Республикасында титан өнеркәсiбiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қаңтардағы N 77 қаулысын одан әрi жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясы, "УКТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы "КАТЭП" және "Қорғау" ұлттық акционерлiк компанияларын қатыстыра отырып әрi "Қазгипротүстiмет" институтын тартып 1994 жылы маркетингтiк зерттеу негiзiнде титан өнеркәсiбiн дамытудың тереңдетiлген тұжырымдамасы мен схемасын әзiрлесiн.
      "Қазгипротүстiмет" институты Қазақстан Республикасының титан өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi басты ұйым деп айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      "Қазгипротүстiмет" институтына Қазақстан Республикасының титан өнеркәсiбiн дамытудың схемасын әзiрлеу үшiн қажеттi геологиялық материалдық кадастр бойынша беретiн болсын;
      республиканың титан және магний шикiзатының перспективалық кенiштерiнде (Бектемiр, Славян, Литовоч, Қарағаш және басқалары) геологиялық барлау жұмыстарын жеделдетсiн, жоғары сапалы титан-цирконий төгiндiлерiнiң жаңа кенiштерiн iздестiрудi жүргiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Қазақстан Республикасынан баратын кеуек титанға демпингке қарсы бажды алып тастау туралы АҚШ Үкiметiне тiлек бiлдiретiн болсын.
      4. Кеуек титанның, магний ұнтағының, скандий өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының iшкi нарығында тұтынылмайтынын ескерiп, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "УКТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясына титан-магний комбинатының аталған өнiмiн экспортқа шығаруға бас лицензия берсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады