Шағын көмiр қоры бар кен орындарын игеру туралы

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРIНIҢ ӨКIМI 18 мамыр 1994 ж. N 203-ө

      1. Энергетикалық отын ретiнде пайдалануға, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi және халықты жарамды перспективалық көмiр қоры бар Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Семей және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы шағын көмiр кен орындарын игерудi жеделдету қажет деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi және "Отын" компаниясы осы облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп әрi "Қарағандыгипрошахт" институтын, коммерциялық құрылымдарды тарта отырып:
      бiр ай мерзiмде республиканың отын балансына тартылмаған шағын көмiр кен орындарын игерудiң бағдарламасын әзiрлесiн әрi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
      жер қойнауын пайдалануға және кендi бөлiп беруге белгiленген тәртiппен шарт жасаса отырып жобалық-техникалық құжаттамаларды әзiрлеуге әрi сол көмiр кен орындарын игеру жөнiндегi жұмыстарды орындауға тапсырыс берушiлердi айқындайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi облыс әкiмдерiмен, денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, осы бағдарламаға енгiзiлген кен орындарын пайдаланудың экологиялық қауiпсiздiк мәселелерiн пысықтасын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Отын" компаниясымен, облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, ұсақ көмiр кен орындарын әзiрлеу үшiн құрылған акционерлiк қоғамдардың және басқа құрылымдық түзiлiмдердiң құрылтайшылық құжаттарын бекiтсiн.
      5. Аталған өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады