Каспий теңiзiнiң проблемасы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 28 шiлде 1994 ж. N 295-ө

      Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттердiң ынтымақтастығын үйлестiрудiң нақты шараларын жүзеге асыру үшiн:
      1. Каспий теңiзiнiң проблемасы бойынша келiссөздерде

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк делегациясы мен сарапшылар
тобының құрамы N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     2. Мемлекеттiк делегацияның мүшелерi мен сарапшылар Каспий
теңiзiн пайдаланудың барлық кешендi мәселелерi жөнiндегi
келiссөздердегi қызметiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы
жөнiндегi Директиваларын N 2 қосымшаға сәйкес басшылыққа алсын.
     3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы
8 сәуiрдегi N 131 өкiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.

     Премьер-министр
                                       Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-министрiнiң             
                                      1994 жылғы 28 шiлдедегi
                                           N 295 өкiмiне
                                            N 1 қосымша

            Каспий теңiзiнiң проблемасы бойынша келiссөздерде
            Қазақстан Республикасының үкiмет делегациясы мен 
                          сарапшылар тобының
                              Құрамы
     
                     Үкiмет делегациясы:
Әбiлсейiтов Ғ.А.  - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    орынбасары, Ғылым және жаңа технологиялар
                    министрi (делегация басшысы)
Сағадиев К.А.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының президентi (делегация басшысының
                    орынбасары)
Алесин В.И.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң
                    орынбасары
Ахметғалиев Б.Р.  - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс
                    басқармасының, ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi
Бижанов Н.Қ.      - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                    жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы төрағасының
                    орынбасары
Елеманов Б.Д.     - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                    өнеркәсiбi министрiнiң бiрiншi орынбасары
Жаркенов М.И.     - Қазақстан Республикасының Экология және
                    биоресурстар министрiнiң бiрiншi орынбасары
Закиев Б.С.       - Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң
                    қолбасшысы
Қасымов А.Х.      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары
Қуандықов Б.М.    - "Қазақстанкаспийшельф" Ұлттық акционерлiк 
                    компаниясының президентi
Тихонов С.В.      - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары

                   Сарапшылар тобы:
     
Жәрдемәлиев К.К.  - Экобиоресурсминi Бас мемлекеттiк 
                    сараптамасының бас сарапшысы
Исламов Р.А.      - Қорғаныс министрiнiң Әуе-теңiз Күштерi
                    бөлiмiнiң бастығы
Марабаев Ж.       - "Қазақстанкаспийшельф" Ұлттық акционерлiк 
                    компаниясының вице-президентi
Мұхамеджанов Н.А. - "Каспий" ғылыми-талдау орталығының 
                    директоры
Сарсембаев С.С.   - Сыртқы Iстер министрлiгiнiң халықаралық
                    экономикалық қатынастар басқармасының бастығы
Султашев Н.О.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс
                    басқармасының ТМД iстерi бөлiмiнiң сарапшысы
Сыдықов Ж.С.      - академик, Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының
                    мүшесi
Өтепов И.А.       - Сыртқы Iстер министрлiгi Экология жөнiндегi
                    бөлiмiнiң меңгерушiсi
Шоқпытов А.М.     - Бас шекара әскерлерiнiң теңiз бөлiмiнiң 
                    бастығы
Шустов А.И.       - Қазақ балық қорғау Бас басқармасының 
                    бастығы
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-министрiнiң
                                       1994 жылғы 28 шiлдедегi
                                           N 295 өкiмiне
                                            N 2 қосымша

            Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы жөнiндегi
                     Директивалар
     


      Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы жөнiндегi келiссөздерде Қазақстан Республикасының делегациясы мынаны басшылыққа алады:
      1. ССРО-ның ыдырауына және Каспий маңында жаңа егемендi мемлекеттердiң (Әзiрбайжан, Қазақстан, Россия және Туркменстан пайда болуына байланысты Россия мен Иран (Персия) арасындағы 1921 жылғы 26 ақпандағы Шартпен және ССРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы 25 наурыздағы Шартпен белгiленген Каспий теңiзiнiң бұрынғы құқықтық статусы жаңа геосаяси талаптарға сай келмейдi.
      2. Қазақстан делегациясы Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық статусын анықтау үшiн Каспий маңындағы мемлекеттердiң көпжақты келiссөздер жүргiзуiне қажырлылықпен әрi табандылықпен қол жеткiзуi қажет, бұл проблеманың шешiмi табылмайынша Каспий маңындағы мемлекеттердiң екiжақты және көпжақты ынтымақтастығының басқа мәселелерiнде iлгерiлеуге қол жеткiзу мүмкiн еместiгiн түсiндiру керек.
      3. Каспий теңiзi проблемасының кешендi сипатын, Қазақстан Республикасының түрлi ведомстволары мүдделерiнiң қарама-қайшылықтарын, сондай-ақ, Каспий маңындағы басқа мемлекеттердiң мүдделерiн ескере отырып, делегация Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық статусын анықтауда мына мәселелерге баса назар аударсын:
      а) Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн Қазақстан халықаралық-жұрт таныған негiз қалап, Каспий теңiзiнiң Қазақстан бөлiгiндегi минералдық-шикiзат ресурстарын өңдеу мен ұтымды пайдалануына нақты мүмкiндiктер туғызуы керек;
      б) Қазақстанның Каспий теңiзiндегi кеме қатынасы мен балық аулау кәсiбi мәселелерiнiң қолайлы шешiлуiн қамтамасыз ету;
      в) Каспий маңындағы мемлекеттермен серiктестiк негiзде Каспий теңiзiнiң экологиялық мәселелерiнiң шешiмiн табу.
      Сонымен қатар барлық мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың мүдделерiн үйлесiмдi ету үшiн бар күш-жiгердi жұмсау керек.
      4. Каспий теңiзiнiң ерекше сипатын ескерiп, оған 1982 жылғы теңiз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының аймақтық сулар, айрықша экономикалық аймақтар, континентальдық шельф, ашық теңiз бетiнде еркiн ұшу мәселелерi, балық аулау, айналадағы ортаны қорғау, жағалаудағы мемлекеттердiң жағалауды қорғау мәселелерi тәртiбiн қадағалайтын негiзгi ережелерiн қолдануға қол жеткiзу.
      5. Каспий маңындағы мемлекеттердiң аймақтық ынтымақтастық мәселелерiн тиiмдi шешу үшiн Қазақстан делегациясы Каспий маңындағы елдердiң мемлекет пен үкiмет басшылары үшiн Каспий теңiзi проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жүктелетiн Мемлекетаралық Кеңес құру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      6. Каспий теңiзi проблемаларын шешудiң алғашқы кезеңiнiң келiссөздерi барысындағы Россияның рөлiн ескерiп, Каспий теңiзiнiң құқықтық статусының маңызды бағыттарын келiсу үшiн шаралар қолданылсын.
      7. Каспий маңындағы мемлекеттер мен келiссөздер процесiн жүргiзудiң кезеңдерi мен тактикасы, түрлi кезеңдердегi келiссөздерге қатысушылардың құрамы туралы мәселе Қазақстан Республикасының егемендiк теңдiгi және құқықтық мүдделерiн құрметтеу негiзiнде, сондай-ақ тараптардың қаралатын проблема жөнiндегi позициясы мен көзқарасының ерекшелiктерiне қарай анықталсын.
      8. Каспий маңындағы мемлекеттердiң аумақтық ынтымақтастығы туралы Келiсiм жөнiндегi көлiссөздерi Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы туралы келiссөздерiмен қатар жүргiзiлсiн.
      9. Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы туралы келiссөздердiң барысына қарай үкiметке осы директиваларға өзгертулер енгiзу және Қазақстан делегациясының тактикалық бағыты жөнiнде ұсыныстар енгiзiлсiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады