Жұмыс топтары мен сараптау кеңесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 28 шiлде N 296

      Металлургия және химия кәсiпорындарының Көлiк, энергетика және көмiр өнеркәсiбi кәсiпорындарымен жұмысын үйлестiру, оларды дағдарыстан шығару, халық шаруашылығының аралас салалары арасындағы өзара есеп айырысу мәселелерiн шешу және экспорт өнiмдерiн шығаруды арттыру үшiн:
      1. Қосымшаға сәйкес тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс топтары мен Сараптау кеңесi құрылсын.
      Жұмыс топтарына Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы салаларын жедел басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу құқығы берiлсiн.
      Жұмыс топтары мен Сараптау кеңесiне жалпы басшылық жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi В.В.Костюченкоға жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi /Костюченко В.В./, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi /Есенғарин Н.Қ./, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi /Кармаков В.В./ Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарын тарта отырып, бiр апта мерзiмде:
      2.1. Тариф, өзара есеп айырысу және тауар кредиттерi бойынша ведомствоаралық комиссиялар құрылсын, оларға:
      экспорт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындар үшiн жүк тасымалдау және қуат көздерiнiң бағасына келiсу;
      ведомствоға қарасты кәсiпорындардың төлемеген жағдайын қарау және олардың арасында өзара есеп айырысу жүргiзу;
      кәсiпорындарды дағдарыстан шығару мақсатында нақты бағдарламаларға кредиттер тарту жөнiнде шешiмдер қабылдау үшiн өкiлеттiктер берiлсiн.
      2.2. Экспорт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорындарға қызмет көрсететiн коммерциялық банктердiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныс әзiрленiп, енгiзiлсiн.
      2.3. 1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн халық тұтынатын тауарлар

мен салынып жатқан объектiлер үшiн жабдықтар беру көзделген баспа-бас
айырбас лицензиялары бойынша экспорт өнiмдерiн жiберу тоқтатылсын.
<*>

     Ескерту. 2 тармақтың 2.3 тармақшасындағы сөздер алмастырылды
              - ҚР Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 1 желтоқсандағы
              N 483 өкiмiмен.
     3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
Экономика министрлiгiмен бiрлесiп, 1994 жылғы тамыз-қыркүйекте жақын
және алыс шет елдерге экспорт квоталарын қайта бөлсiн.

     Премьер-министр


                                       Қазақстан Республикасы          
                                       Премьер-министрiнiң 
                                       1994 жылғы 28 шiлдедегi
                                            N 296 өкiмiне
                                              Қосымша

                 Тұрақты  жұмыс iстейтiн жұмыс топтары: 
 
     БIРIНШI ТОП:

     Шевелев В.В.                - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп 
                                   және сауда министрiнiң орынбасары
                                   /топ жетекшiсi/
     Зазулин А.В.                - "КРАМДС- чермет" акционерлiк
                                   қоғамының президентi
     Кереев А.И.                 - Қазақстан Республикасы Көлiк және
                                   коммуникациялар министрлiгiнiң
                                   экономика және қаржы басқармасы 
                                   бастығының орынбасары
     Клякин В.В.                 - Қазақстан Республикасы Энергетика
                                   және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi
                                   көмiр өнеркәсiбi бас басқармасының
                                   бастығы
     Мирко В.А.                  - Қарағанды металлургия комбинатының  
                                   бас инженерi
     Оралбаев Ж.К.               - "Қазыбек" Мемлекеттiк сыртқы сауда 
                                   компаниясының бас директоры
     Садчиков Б.Я.               - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрлiгiнiң Кен-
                                   металлургия кешенi жөнiндегi
                                   департаментiнiң атқарушы                
                
                                   директорының орынбасары
     Сүйiнов Н.К.                - "Қазақстанэнерго" Мемлекеттiк 
                                   энергетика компаниясының қаржы
                                   және баға белгiлеу басқармасының
                                   бастығы
     Хайыров К.Б.                - "Қазақстансауда" Мемлекеттiк 
                                   сыртқы сауда компаниясының бас
                                   директоры
     Кәсiпорындар:
     Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай мемлекеттiк
өндiрiстiк бiрлестiгi, "Атасуруда" акционерлiк қоғамы, "Лисаков
кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы.

     ЕКIНШI ТОП:
    
     Бiтiмбаев М.Ж.              - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрiнiң орынбасары -
                                   Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң
                                   Кен-металлургия кешенi жөнiндегi 
                                   департаментiнiң бас директоры
     Гогишвили В.А.              - "Отырар" мемлекеттiк сыртқы сауда
                                   компаниясының бас директоры
     Матвеев В.К.                - "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық
                                   акционерлiк компаниясының               
                                        
                                   вице-президентi
     Орынбеков Ғ.А.              - "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық
                                   акционерлiк компаниясының 
                                   вице-президентi
     Смайылов С.Д.                - "Қазметаллэкспорт" Мемлекеттiк
                                   сыртқы сауда компаниясының бас
                                   директоры
     
     Қазақстан Республикасының түстi металлургия кәсiпорындары.
     Екiншi жұмыс тобының құрамында екi бағыт бөлiп көрсетiлсiн:
     полиметалл саласы iшiндегi кәсiпорындарды дамыту және басқару
жөнiнде;
     мыс саласы iшiндегi кәсiпорындарды дамыту және басқару жөнiнде.

       ҮШIНШI ТОП:
  
     Баяндаров А.И.              - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп     
                                   және сауда министрлiгiнiң
                                   Кен-металлургия кешенi жөнiндегi
                                   департаментiнiң атқарушы директоры 
                                   /топ жетекшiсi/
     Жұманбаев В.К.              - "Қазахинторг" Мемлекеттiк сыртқы
                                   сауда компаниясының бас директоры
     Сарыбаев Б.О.               - "КРАМДС-хромит" акционерлiк  
                                   қоғамының президентi
     Селифонов Е.М.              - "Геоинцентр" жауапкершiлiгi шектеулi   
                                   серiктестiгiнiң директоры
     Тастанов Е.А.               - "Павлодар алюминий зауыты"акционерлiк  
                                   қоғамының бас өкiлi

     Кәсiпорындар: "Дөң кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы,
"Қайсар" Мемлекеттiк холдинг компаниясы, "Ертiс" Республикалық
технологиялық концернi.
        
     ТӨРТIНШI ТОП:

     Бегалинов А.Б.              - "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк
                                   компаниясының президентi /топ
                                   жетекшiсi/
     Мұртазаев М.А.              - "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк
                                   компаниясының вице-президентi
     Олифиренко В.Ф.             - "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк 
                                   компаниясының вице-президентi

     Қазақстан Республикасының алтын өндiрушi және алтын өңдеушi
өнеркәсiп орындары.

     БЕСIНШI ТОП:

     Шалваров А.А.               - "КАТЭП" атом энергетикасы мен
                                   өнеркәсiбi жөнiндегi Ұлттық
                                   акционерлiк компаниясының 
                                   вице-президентi
     "КАТЭП" атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi Ұлттық
акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындар

     АЛТЫНШЫ ТОП:

     Әкiмов Б.М.                 - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрiнiң орынбасары
                                   /топ жетекшiсi/
     Атабаев М.Д.                - "Қаратау" акционерлiк холдинг 
                                   компаниясының президентi
     Бияров М.Н.                 - "Қазақстанимпекс" Мемлекеттiк 
                                   сыртқы сауда компаниясының бас
                                   директоры
     Передереев В.И.             - "Химпром" Мемлекеттiк холдинг     
                                   компаниясының президентi
      
     "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы мен "Химпром"
Мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн кәсiпорындар.

     САРАПТАУ КЕҢЕСI:

     Әбдiрахманов А.М.           - Қазақстан Әлем Банкiнiң бөлiм
                                   бастығы
     Әбдiреев Б.С.               - Қазақстан Республикасы Экономика
                                   министрлiгiнiң коммуникациялар
                                   және байланысты дамыту басқармасының
                                   бастығы
     Абдулуалиева Т.В.           - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрiнiң орынбасары
     Асқарбаев С.Д.              - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрлiгiнiң экспорт
                                   және импорт басқармасының бастығы
     Ахметов Ф.И.                - Қазақстан Республикасы Экономика
                                   министрлiгiнiң өнеркәсiптiң
                                   базалық салалары басқармасының 
                                   бастығы
     Баладурин Н.М.              - "КРАМДС" Ұлттық акционерлiк     
                                   компаниясының вице-президентi
     Батуров Л.Т.                - Қазақстан Республикасы Экономика
                                   министрлiгiнiң отын-энергетика        
                                   кешенi экономикасы мен баланстар
                                   басқармасының бастығы
     Бiрiмжанов Р.Б.             - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп 
                                   және сауда министрлiгiнiң экспорт 
                                   және импорт басқармасы бастығының
                                   орынбасары
     Дюгай Н.Н.                  - Қазақстан Республикасы Экономика
                                   министрлiгiнiң қаржы-кредит саясаты 
                                   басқармасы бастығының орынбасары
     Есенов М.Ш.                 - "Қазинтерметалл" Мемлекеттiк сыртқы
                                   сауда компаниясының бас директоры
     Махмутов Б.                 - "Отырар" Мемлекеттiк сыртқы сауда
                                   компаниясының бас директоры
     Мироевский Г.П.             - Қазақ Кен-металлургия кешенiнiң 
                                   коммерциялық банкi басқармасы
                                   төрағасының орынбасары
     Олиярник Л.Н.               - Қазақстан Республикасы Қаржы 
                                   министрлiгiнiң өнеркәсiптiң базалық 
                                   салаларын қаржыландыру басқармасы
                                   бастығының  орынбасары
     Омарова Г.А.                - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп    
                                   және сауда министрлiгiнiң 
                                   валюта-қаржы бөлiмiнiң бастығы
     Оспанов Х.А.                - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                                   және сауда министрiнiң орынбасары
     Селифонов Е.М.              - "Геоинцентр" жауапкершiлiгi 
                                   шектеулi серiктестiгiнiң директоры
     Төлепов М.О.                - "Тұранбанк" Қазақ акционерлiк 
                                   банкiнiң инвестициялар басқармасының
                                   бастығы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады