Жарылыс заттар мен жару кұралдарын сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1994 жылғы 29 шiлдедегі N 297 Өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде "Жарылыс" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы балансқа алған жарылыс заттары мен жару құралдарын сатуға 1994 жылғы 21 сәуiрдегi актiге сәйкес рұқсат етiлсiн. 
      Көрсетiлген мүлiктi сатудан түскен қаражат Курчатов қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар сатып алуға және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының өндiрiстiк мұқтажына мақсатқа сай жұмсалсын. 

 
       Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады