Акционерлiк компаниялар жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1 тамыз 1994 ж. N 300-ө

      1. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы мен "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына Ротшильд-банкпен (Ұлыбритания) құйма түрдегi қымбат металдардың Лондон рыногының қауымдастығында күмiске аттестация өткiзу жөнiндегi жұмысты орындау үшiн контракт жасасуға және осы мақсатпен бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiннен республикаға қайтарылатын жалпы салмағы 340 килограмға дейiн он құйма күмiс және жалпы салмағы 0,3 килограмға дейiн күмiстiң он сынамасын әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына көрсетiлген мөлшерде күмiс әкетуге лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiне әкетiлген күмiстiң бiр бөлiгiн аттестация жөнiндегi қызмет көрсетуге төлеу мақсатында сату мәселесiн қарау ұсынылсын.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады