Теннистi, стол теннисiн және бадминтонды дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 15 август N 323

      1. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң Қазақстан Республикасында теннистi, стол теннисiн және бадминтонды жаппай дамыту туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Жастар iсi, туризм, және спорт министрлiгiмен бiрлесе отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқу бағдарламаларына теннистен, стол теннисiнен және бадминтоннан сабақ енгiзудi ойластырсын, 1994-1995 оқу жылында Қазақтың дене шынықтыру институтында теннис, стол теннисi бөлiмдерiн және Қостанай мемлекеттiк педагогика институтында бадминтон бөлiмiн ашсын.
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Теннис федерациясымен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрге;
      жастар iсi, туризм және спорт басқармаларына материалдық-спорт базаларын дамытуға, қайта жаңғырту мен салуға, жыл сайын теннистен, стол теннисiнен және бадминтоннан жарыстар мен турнирлер өткiзуге жергiлiктi бюджеттен материалдық, қаржы қаражаттарын бөлуде iс жүзiнде көмек көрсетсiн;
      Халықаралық теннис федерациясына /IТҒ/ теннистен Қазақстан Республикасы Президентiнiң кубогы жолындағы халықаралық турнирдi тiркеу жөнiнде ұсыныспен кiрсiн, турнирдi өткiзу туралы ережеге қажеттi толықтырулар енгiзсiн, оған жыл сайын облыстық, қалалық финал жеңiмпаздарының және шет елдерден белдi спортшылардың қатысуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қарауына спорт өндiрiсiн жасау, спорттық киiм, жабдық пен мүкаммал шығару жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Алматы қаласында теннистi, стол теннисiн және бадминтонды дамыту жөнiндегi республикалық орталық құрсын.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1995-1996 жылдары Алматы қаласында теннис, стол теннисi және бадминтон жөнiндегi республикалық орталық салуды көздеп, осы мақсатқа 3,5 млн. теңге бөлсiн.
      7. Алматы қаласының әкiмi теннис, стол теннисi және бадминтон жөнiндегi республикалық орталық салу үшiн қаланың орталық бөлiгiнен жер бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, республикалық радио, теледидар, газеттер мен журналдар редакциялары халықты тенниспен, стол теннисiмен және бадминтонмен айналысуға тарту, қажеттi материалдық-техникалық база жасау, теннис корттарын, ойын залдары мен алаңдарын салу жөнiнде кеңiнен насихат жүргiзсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады