1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы аумағында вексельдi айналым бағдарламасын әзiрлеу жөнiнде контракт жасасу үшiн Holdain Securities (Ұлыбритания) және ТТЕ (АҚШ) фирмаларымен Үкiмет атынан келiссөз жүргiзу тапсырылсын.
2. Келiссөздер нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Holdain Securities (Ұлыбритания) және ТТЕ (АҚШ) фирмаларымен вексель айналымын енгiзу жөнiндегi жұмыстарды орындауға Үкiмет атынан контракт жасасу құқығы берiлсiн. 3. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын: Қажыгелдин Ә.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары (топ жетекшiсi) Сапарбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Қаржы, еңбек және әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi Бисенов. М.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Бабакина С.Н. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық басқармасы жанама салық бөлiмiнiң бастығы Дронов Ф.К. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасы Аумақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторы Ертiлесова Ж.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары Жолаев Т.Ж. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Экономикалық заң шығару басқармасының бас консультанты Зыкова С.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Мемлекеттiк басқару органдары бөлiмiнiң аға референтi Обаева А.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Шевелев В.В. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары
4. Жұмыс тобына министрлiктер мен ведомстволардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды жұмысқа тарту құқығы берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Шаруашылық басқармасы жұмысқа тартылған тәуелсiз сарапшылар тұратын қажеттi үй-жай бөлсiн, оларды қажеттi байланыс құралдарымен, ұйымдастыру iсiнiң техникасымен және көлiкпен қамтамасыз етсiн.
6. Жұмыс тобы вексель айналымы жөнiндегi нормативтi және заң актiлерiнiң жобасын 1994 жылғы 1 қазанға дейiн әзiрлесiн.
Премьер-министр