Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясы туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 21 қараша 1994 ж. N 464-ө
1. Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясы (бұдан былай "КАТЭП" ҰАК) радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату мен көмудiң (сақтаудың) республикалық жүйесiн құруға жауапты мемлекеттiк тапсырыс берушi болып белгiленсiн.
"КАТЭП" ҰАК-сы Қазақстан Республикасында осы мiндеттердi жүзеге асыратын орган туралы ереженi 1994 жылдың 25 қарашасына дейiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi жыл сайын индикативтi болжау-жоспар мен бюджеттi әзiрлеген кезде "КАТЭП" ҰАК-сына радиоэкология жөнiндегi табиғат қорғау жұмыстарын нысаналы қаржыландыруға қаражат көздейтiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату мен көмудiң (сақтаудың) республикалық жүйесiн құру жөнiндегi қолда бар материалдардың бәрiн 1994 жылғы 25 қарашаға дейiн "КАТЭП" ҰАК-на беретiн болсын.
4. "КАТЭП" ҰАК-на орташа және аса жоғары радиоактивтi қалдықтарға арналған құрылыстар жүргiзiп, пайдаланумен қатар төмен радиоактивтi қалдықтарды сақтап, ұқсатуға арналған құрылыстар салып, iске қосу мiндеттелсiн.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз