Астық берiп тұруға шарт жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 5 желтоқсан N 491

      1. Республиканың ауыл шаруашылық мекемелерiне биылғы жылғы берiлген электр қуаты үшiн есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгi электр қуаты үшiн берешек шаруашылықтармен алынған электр қуаты үшiн қосымшаға сәйкес қарыздарды iшiнара өтеу есебiнде, Түрiкменстанға бос қалдықтардан 120 мың тонна /оның iшiнде 70 мың тонна азық-түлiктiк/ астық берiп тұруға шарт жасасуды қамтамасыз етсiн.
      "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, сондай-ақ келiсiм-шарт негiзiнде астық жеткiзiп берумен айналысатын коммерциялық құрылымдарға, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгiне Түркменстан Республикасына аталған мөлшердегi астықты

жөнелтуде көмек көрсетуге ұсыныс жасалсын.
     2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар 
министрлiгi аталған астықты жөнелтудi қамтамасыз етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Кеден
бас басқармасы қажеттi құжаттарды кеден бажын алмай-ақ ресiмдейтiн 
болсын. 

     Премьер-министрдiң          
     бiрiншi орынбасары
                                        Қазақстан Республикасы             
                                          Премьер-министрiнiң
                                      1994 жылғы 5 желтоқсандағы
                                            N 491 өкiмiне
                                               қосымша
           
              Шаруашылықтың бос қалдықтарынан электр қуаты
          үшiн қарыздарды iшiнара өтеу есебiнде Түркменстанға
                              астық беру  
                               МӨЛШЕРI
-----------------------------------------------------------------
  Облыстар            | Жөнелетiн    | Пайдаланылған электр
                      | астық мөлшерi| қуаты үшiн шаруашылықтардың
                      |  /мың тонна/ | қарызы /млн. теңге/
------------------------------------------------------------------
Ақмола                      20                500
Ақтөбе                      20                310
Батыс Қазақстан             20                310
Көкшетау                    30                588
Солтүстiк Қазақстан         30                504
--------------------------------------------------------------------
           Барлығы         120
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады