Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 23 қарашадағы N 1964 қаулысын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 1994 жылғы 14 желтоқсан N 509

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери тәртiптi нығайту және құқық бұзушылыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 23 қарашадағы N 1964 K941964_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери тәртiптi нығайту және құқық бұзушылыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 23 қарашадағы N 1964 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары,

облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi осы 
Iс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде
нақты шаралар қабылдайтын болсын.
     Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiн хабардар етiп отырсын.

     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                        Премьер-министрiнiң 
                                    1994 жылғы 14 желтоқсандағы
                                           N 509 өкiмiмен
                                             бекiтiлген

            "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери
             тәртiптi нығайту және құқық бұзушылыққа қарсы күрестi
             күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
             Президентiнiң 1994 жылғы 23 қарашадағы N 1964 қаулысын
                     жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар
                                ЖОСПАРЫ   
                                (Үзiндi)
-------------------------------------------------------------------
Р/с |  Тапсырмалар мен iс-шаралардың      | Орындауға
 N  |            мазмұны                  |   жауапты
-------------------------------------------------------------------
  1 |               2                     |         3
-------------------------------------------------------------------
 3   Әскердi толықтай әрi уақтылы            Қаржыминi, Экономминi, 
     қаржыландыру және материалдық.          "Қазконтракт" АҚ,
     техникалық қамтамасыз  ету              Қорғаныс өнеркәсiбi
                                             жөнiндегi комитет

 11  Шығармашылық ұйымдар мен одақтардың     Қорғанысминi, Шекара, 
     әскери-қамқоршылық комиссияларының      Iшкi әскерлер, Республика
     жұмысын қайтадан қолға алу. Республика  ұланы, Азаматтық қорғаныс     
     Қарулы Күштерiнiң дәстүрлерiн           штабы, Үкiмет байланысы
     қалыптастыру, берiк әскери ұжымдарын    әскери командованиесi,
     тәрбиелеу жөнiнде нақты шаралар белгiлеу  Жастарминi

 14  Әскери комиссариаттармен бiрлесiп,       Турспортминi,
     әскерге шақырылатындардың                Қорғанысминi, Шекаралық,
     әскери-спорттық жиындарын, олардың       Iшкi әскер, Республика
     соғыс, еңбек және Қарулы Күштер          ұланы,Азаматтық қорғаныс
     ардагерлерiмен, әскери қызметшiлермен    штабы, командованиесi,
     кездесулердi ұдайы өткiзу                Бiлiмминi, ДОСААФ ОК

 15  Қарулы Күштердiң өмiрiн және             "Қазақстан теледидары
     тұрмыс-тiршiлiгiн кеңiнен насихаттау.     және радиосы 
     Әскери тақырыпқа арналған апта сайынғы    корпорациясы
     теледидар хабарын қайта жаңғырту.Әскери
     тақырыпқа арналған таңдаулы теле және
     радиохабарларына шығармашылық конкурс
     ұйымдастыру                                 

 16  Әскери бөлiмдерге және бөлiмшелерге       Жергiлiктi
     қамқорлық көрсетудi ұйымдастыру, оларға   әкiмдер
     тұрғын үй-тұрмыс мәселелерiн шешуде,
     әскери қалашықтарда жөндеу жүргiзу,
     тамақпен және отынмен қамтамасыз етуде
     жан-жақты көмек көрсету 
-------------------------------------------------------------------
 Р/С |     Орындалу мерзiмi       |  Министрлер Кабинетi Iс
  N  |                            |  басқармасының бақылауға 
     |                            |    жауапты бөлiмдерi
-------------------------------------------------------------------
  1  |              4              |               5
-------------------------------------------------------------------
 3.        тұрақты түрде             Қаржы, еңбек және әлеуметтiк   
                                     қорғау бөлiмi, Жиынтық экономика
                                     бөлiмi, Мемлекеттiк басқару
                                     органдары бөлiмi, Қорғаныс және
                                     жұмылдыруға даярлық бөлiмi

 11.      тұрақты түрде              Қорғаныс және жұмылдыруға 
                                     даярлық бөлiмi, Мәдениет және
                                     қоғамдық бiрлестiктермен 
                                     байланыс бөлiмi

 14.       тұрақты түрде             Әлеуметтiк сала бөлiмi,
                                     Қорғаныс және жұмылдыруға 
                                     даярлық бөлiмi

 15.       тұрақты түрде             Мәдениет және қоғамдық
                                     бiрлестiктермен байланыс бөлiмi,
                                     Әлеуметтiк сала бөлiмi

 16.       тұрақты түрде             Аумақтық даму бөлiмi

     Ескерту: Келiп түскен материалдарды қорытындылау және осы 
              Жоспардың орындалу барысын қадағалау Қазақстан
              Республикасының Министрлер Кабинетi Iс басқармасының
              Қорғаныс және жұмылдыруға даярлық бөлiмiне жүктеледi.
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады