Пластиктен жасалған төлем құралдарын енгiзудi жеделдету мақсатында жұмыс комиссиясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрi Бiрiншi орынбасарының Өкiмi 25 сәуiр 1994 ж. N 4-13-ө

      1. Халықтың тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн есеп айырысуында пластиктен жасалған төлем құралдарын енгiзудi жеделдету мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс комиссиясы құрылсын:
      Комиссияға министрлiктердiң, ведомстволар мен ғылыми мекемелердiң, сондай-ақ шетелдiк фирмалардың сарапшылары мен консультанттарын жұмысқа тарту құқығы берiлсiн.
      2. Комиссия халықтың тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн пластиктен жасалған төлем құралдарын қолдана отырып қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесiн енгiзудiң бас тапсырыс берушiсiн белгiлейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бас тапсырыс берушiмен бiрлесiп 1 мамырға дейiнгi мерзiмде қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың аталған жүйесiн iске асыру үшiн шетелдiк қаржы көмегiн тарту жөнiндегi жұмысты жүргiзетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бас тапсырыс берушiмен бiрлесiп аталған жобаны жүзеге асыру үшiн тартылған кредиттердi дер кезiнде өтеу тетiгiн әзiрлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi байланыс арналарының қажеттi саны мен пластиктен жасалған төлем құралдарын енгiзу жобасын iске асыруға байланысты басқа да мәселелердiң шешiлуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, Көлiк министрлiгi және басқа да мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдар бас тапсырыс берушiмен бiрлесiп шарттық негiзде ведомстволық бағынысты кәсiпорындар мен ұйымдардың халықтың тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу автоматтандырылған жүйесiне қосылуын қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi халықтың

тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуы үшiн пластиктен жасалған төлем құралдарын пайдаланудың 
нормативтiк-құқықтық негiзiн әзiрлеудi көздесiн.
     8. Комиссия екi ай мерзiмде осы мәселе бойынша Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетi қаулысының жобасын енгiзетiн
болсын.
     
     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Премьер-министрiнiң
                                       Бiрiншi Орынбасарының
                                       1994 жылғы 25 сәуiрдегi
                                           N 4-13 өкiмiне
                                              Қосымша
     
         Халықтың тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн
         пластиктен жасалған төлем құралдарын қолдана отырып
       қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесiн енгiзу жөнiндегi
                         комиссияның
                           Құрамы
     
Қажыгелдин Ә.М.   - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    бiрiншi орынбасары (төраға)
Аманов Қ.         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                    орынбасары
Аханов С.А.       - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                    орынбасары
Әзiрбаев С.Д.     - Крамдс банк төрағасының орынбасары
Гусева Г.В.       - Қазақстан Республикасының Президентi мен 
                    Министрлер Кабинетi Аппараты Қаржы, еңбек
                    және әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi
Исин Н.Қ.         - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi 
                    Аппараттандыру департаментiнiң директоры
Каплан Т.Л.       - Қазақстан Республикасы Көлiк министрiнiң
                    орынбасары
Құдайбергенов Д.Қ.- Қазақстан Республикасы Халықаралық банкiнiң 
                    төрағасы
Нилов Ю.Д.        - Қазақстан Республикасы Байланыс министрiнiң
                    орынбасары 
Нұрбеков М.       - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                    орынбасары 
Реуцкий Ю.В.      - "Мақсат" ҒӨБ-нiң директоры 
Сазанов С.С.      - Қазақстан Республикасы Әлем Банкi төрағасының
                    бiрiншi орынбасары
Телемтаева М.С.   - Қазақстан Республикасы Сауда министрiнiң
                    орынбасары
Уткина Л.М.       - Қазжолбанкi төрағасының орынбасары
Юровский П.М.     - Төранбанк төрағасының орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады