Шетелдiк нақты валютаға есеп айырысуды тексеру

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Өкiмi 1995 жылғы 18 қаңтар N 25

      1. "Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013 U952013_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Қаржы бақылау комитетi үстiмiздегi жылдың 16 қаңтарынан бастап бұған дейiн шетелдiк нақты валютаға жұмыс орындау мен қызмет көрсетуге құқық беретiн лицензиялар бойынша жұмыс iстейтiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң: қонақ үйлерде, казиноларда, барларда, туристiк бюроларда, сауда орындарында және тағы басқаларда есеп айырысудың жаңа белгiленген тәртiбiн сақтауына бiрлескен тексеру жүргiзсiн.
      Шетелдiк нақты валютаға есеп айырысуды бұзушылық байқаған жағдайда кiнәлi адамдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа, тiптi қылмыстық жауапқа тартылсын.
      2. Министрлiктердiң, ведомстволардың басшылары мен облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 2-тармағының орындалуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады