Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 25 желтоқсан N 525

      Россия Федерациясы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 3842-П25 өтiнiшiн қарай отырып, Алматы қаласында Россия Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкiметтерi делегацияларының 1995 жылғы тамыздағы кездесуiнде қол жеткен уағдаластықтарды орындау үшiн және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығының 150-бабын басшылыққа ала отырып:
      1. "Росконтракт" федеральдық контракт корпорациясы Россия Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының және Түрiкменстан Республикасының арасындағы үкiметаралық келiсiм шегiнде жүзеге асырылатын Қазақстан кәсiпорындарынан еркiн ресурстардан контракт бойынша сатып алынған 200 мың тонна мөлшерiндегi астықты Тәжiкстан Республикасы мен Түрiкменстан Республикасына жөнелту үшiн кеден бажын төлеуден босатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Халықаралық Қазақстан агроөнеркәсiп биржасы мен Қазақстан Республикасының кеден комитетi "Росконтракт" федеральдық контракт корпорациясы үшiн қажеттi құжаттаманы ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Росконтракт" Федеральдық контракт корпорациясының Қазақстан кәсiпорындарымен жасаған контракт бойынша Тәжiкстан мен Түрiкменстанға жөнелтiлетiн астық мөлшерiне бақылау жасасын. Осы қаулымен белгiленген мөлшерде астық жөнелтудi аяқтағаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат беретiн болсын.
     Премьер-Министрдiң
     бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады