Жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Бiрiншi орынбасарының Ө К I М I 1995 жылғы 27 қыркүйек N 7-101-ө

      1. Шет елдiк әрiптестi таңдау, Ақмола қаласында құрылыс

жағдайы мен халықаралық әуежайды пайдалануды айқындау, құрылысты
қаржыландыру схемасын әзiрлеу үшiн мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
  Оспанов М.Т.    - Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетiнiң
                    жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi
                    комитеттiң төрағасы, жұмыс тобының төрағасы
  Нарышев Б.Ж.    - Әуе көлiгi департаментi директорының
                    орынбасары
  Душимов Д.А.    - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк
                    авиакомпаниясының президентi
  Бекболатов Ш.Х. - "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк
                    компаниясының президентi
  Кравченко Ю.А.  - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
                    Аппараты Құрылыс, көлiк және коммуникациялар
                    бөлiмiнiң аға референтi
  Сейдуалиев С.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                    сыртқы займдар, қарыздар мен халықаралық
                    қаржы ұйымдары басқармасының бастығы
  Қасымов М.Е.    - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi
                    комитеттiң капитал нарығы басқармасының
                    бастығы
     2. Жұмыс тобы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне әуежай құрылысы жөнiндегi ұсынысты
тапсыратын болсын.
     
     Премьер-министрдiң
     бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады