Дәрi-дәрмектiк заттар туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 3
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
"Елiм-ай" халықаралық экологиялық қорының кредит бойынша алынған қаражатты барынша қайтаруын ескерiп, медикаменттердi сатудың тәртiбi мен тетiгiн айқындасын;
емдеу мекемелерiнiң талаптарын ескере отырып, "Фармация" акционерлiк қоғамының жүйесi арқылы дәрi-дәрмектiк заттарды халыққа сату мен бөлудi қамтамасыз етсiн; <*>
дәрiлердi сақтауға, тасуға байланысты шығыстарды медициналық тауарлар құнына жатқызып, есептеуге ұсынсын;
медикаменттердi халыққа сатудан түскен ақша қаражатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң арнайы шотына шоғырландырсын.
Ескерту. 2-тармақтың 3-шi абзацынан сөздер алынып тасталды -
ҚР Үкiметiнiң 1996.03.05. N 280 қаулысымен. P960280_
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi дәрi-дәрмектердi ТМД елдерiне қайта экспортқа шығаруға лицензия беруге рұқсат етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп дәрi-дәрмектердi бөлу мен сатуға бақылау жасау жөнiнде Комиссия құрып, оған:
медикаменттерге баға белгiлеу және дәрiлердi сатуға бақылау жасау;
сатуға жiбергенге дейiн дәрi-дәрмектiң жарамдылық мерзiмi өткенiн анықтау және оларды белгiленген тәртiппен жою құқықтарын берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi денсаулық сақтау мекемелерiне дәрi-дәрмек босату шаралары бойынша сомаларды есептеу жүргiзсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз