Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының арпа сатуға жасалған контрактiсi туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 9 қаңтар N 7-ө
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы АҚШ долларымен 2993,4 мың (екi миллион тоғыз жүз тоқсан үш мың төрт жүз) сомада түскен қаржының бiр бөлiгiн облысқа жеткiзiлген пестицидтер үшiн Алматы облысының "БАСФ" (Германия) және "Зенека-Өсiмдiк қорғау" (Ұлыбритания) фирмалары үшiн борышын өтеуге, ал 30 мың тонна арпаны сатудан түскен пайданы Петропавл қаласындағы макарон фабрикасымен арадағы шарт бойынша, қайтарымды негiзде, "Окан холдинг" түрiк фирмасына бағыттасын. Шетел фирмаларымен есеп айырысуды жүзеге асырғаннан кейiнгi қалған қаржы Корпорациясының есебiне жинақталсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Кеден комитетi, Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы, Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiп биржасы және басқа да тиiстi ведомстволар астықты көрсетiлген контрактiлер бойынша тиеп-жөнелтуге қажеттi жәрдем көрсетсiн.
4. Алматы облысының әкiмi Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясымен арадағы шарт бойынша мемлекеттiк ресурсқа 1996 жылдың өнiмiнен 61 мың тонна II класты арпаны қайтаруды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз