1. "Кадар" ғылыми-өндiрiстiк орталығының Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерiнде терминалдар құрылысы және оларды пайдалану туралы ұсынысына келiсiм бiлдiрiлсiн.
2. Алматы және Талдықорған облыстарының әкiмдерi Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерiнде терминалдар құрылысы үшiн әрқайсысына алаңы 15 га жер учаскелерiне бөлiп берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi экспорт-импорт жүктерiн тасымалдау технологиясын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Кадар" ғылыми-өндiрiстiк орталығына Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттердегi терминалдарды пайдалануға лицензия берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қытай Халық Республикасының үкiметаралық құжаттарға қол қою кезiнде Қалжат, Қорғас және Достық шекара маңындағы пункттерде терминалдардың салынуы және пайдалануға берiлуi туралы ұсынысты ескерсiн.
6. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгi аталған шекара маңындағы пункттерде терминалдар құрылысын жүргiзуге көмек көрсетсiн және бақылауды жүзеге асырсын. 7. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне жүктелсiн. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары