Облыстарды мұнай өндiру және мұнай өңдеу кәсiпорындарына бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 8 ақпан N 60

      1996 жылы ауыл шаруашылығы жұмыстарын дер кезiнде өткiзу және селолық тауар өндiрушiлердi мұнай өнiмдерiн, ал мұнай өндiру және мұнай өңдеу кәсiпорындарын ауыл шаруашылығы өнiмдерiмен қамтамасыз ету жөнiнде қалыптасқан байланыстарды одан әрi дамыту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының мұнай өндiру және мұнай өңдеу кәсiпорындарына облыстардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қосымшаға сәйкес бекiтiп берiлсiн.
      2. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi өзара тиiмдi жағдайда мұнай өнiмдерi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн беруге селолық тауар өндiрушiлер мен "Мұнайгаз" компаниясының кәсiпорындары арасында шарттар жасау мәселесiне жәрдемдесетiн болсын. Бұл орайда, түстi мұнай өнiмдерiне бағалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру процентiн ескере отырып, жөнелту сәтiндегi бағалардан, ал астыққа - төлем жасау сәтiндегi Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiп биржасында қалыптасқан баға бойынша құралады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi белгiленген тәртiппен шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң өтiнiмдерi бойынша жасалған шарттарға сәйкес мұнай
өнiмдерiн жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

     Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                            1996 жылғы 8 ақпандағы
                                                N 60 өкiмiне
                                                    қосымша

          1996 жылы мұнай өнiмдерi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
        өзара беруге "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдингтiк компаниясының
         мұнай өндiру және мұнай өңдеу кәсiпорындарына облыстарды
                                бекiтiп беру

     ______________________________________________________________
      Облыстардың атауы  |    "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдингтiк
                         |    компаниясының кәсiпорындары
     ____________________|_________________________________________
     Ақмола                "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
                           "Актюбинскнефть" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Ақтөбе                "Актюбинскнефть" АҚ
                           "Теңiзмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Алматы                "Өзенмұнайгаз" АҚ

     Атырау                "Теңiзмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Шығыс Қазақстан       "Актюбинскнефть" АҚ
                           "Павлодар МӨЗ" АҚ 

     Жамбыл                "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Жезқазған             "Южнефтегаз"

     Батыс Қазақстан       "Атырау МӨЗ" АҚ

     Қарағанды             "Актюбинскнефть" АҚ
                           "Өзенмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Қызылорда             "Южнефтегаз" АҚ

     Көкшетау              "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
                           "Теңiзмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Қостанай              "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Павлодар              "Павлодар МӨЗ" АҚ

     Солтүстiк Қазақстан   "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ
                           "Атырау МӨЗ" АҚ

     Семей                 "Өзенмұнайгаз" АҚ

     Талдықорған           "Теңiзмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Торғай                "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
                           "Өзенмұнайгаз" АҚ
                           "Ембiмұнайгаз" АҚ

     Оңтүстiк Қазақстан    "Южнефтегаз" АҚ 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады