Бiржолғы есептеу жүргiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 12 ақпан N 68
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы мен мемлекеттiк бюджет арасындағы қосымша құнға салынған салықтың орнын толтыру жөнiндегi берешекке, жалпы сомасы 620 млн. (алты жүз жиырма миллион) теңгеге бiржолғы есептеу жүргiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi бұл соманы "Жезказганцветмет" акционерлiк қоғамы төлеген экспорттық кеден бажының шотына есептесiн.
3. Берешектi есептеу, 1996 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша, аталған соманы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiледi.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз