"Мобил Ойл" ұлтаралық корпорациясымен келiссөздер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 1 сәуiрдегi N 146


      Экономиканың мұнай-газ саласында құрылымдық жаңғыртулар жүргiзу және шетел инвестицияларын тарту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың корпорацияның қатысу дәрежесiн айқындау үшiн "Мобил Ойл" ұлтаралық корпорациясымен қорытынды келiссөздер жүргiзу тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Меркейтор" фирмасы "Мобил Ойл" корпорациясымен келiссөздерде сарапшы ретiнде қатысу үшiн бейтарап елдерден iрi халықаралық банктi тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi келiссөздер аяқталған соң халықаралық сарапшы тарабының жобаға баға беруiмен, Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға "Мобил Ойл" корпорациясының қатысуы жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады