Халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдары мен донор елдер берген займдарды мақсатты пайдалану үшiн бақылау мен дұрыс есептеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 3 мамыр N 212-ө

      Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiнде Халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдары (ХҚЭҰ) мен донор елдер берген займдарды мақсатты пайдалану үшiн бақылау мен дұрыс есептеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiнде займ қаражатына қаржыландыруға немесе қоса қаржыландыруға жоспарланған бағдарламалар мен жобалар даярлауды, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
      2. Министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiнде займ қаражатына қаржыландыруға немесе қоса қаржыландыруға жоспарланған бағдарламалар мен жобалар даярлаудың барысы туралы есеп берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiндегi бағдарламалық және жобалық займдар қаражаттарын алған кезде төлем құжаттарына:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет - қойылатын қолдардың бiрiншi тобы;
      қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк - қойылатын қолдардың екiншi тобы қол қояды.
      4. Қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк әр айдың бiрi күнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiнде займ қаражатына қаржыландыруға немесе қоса қаржыландыруға жоспарланған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жөнiнде есеп бередi.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы өкiмге сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы қол қойған бағдарламалық және жобалық займдар жөнiндегi қойылған қолдардың жаңа үлгiсiн бекiтiп, оларды тиiсiнше Халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдары мен донор елдерге жiберсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының дамуына Ресми көмек шегiнде займ қаражатын қаржыландыруға немесе қоса қаржыландыруға жоспарланған бағдарламалар мен жобаларды даярлау және жүзеге асыру барысы туралы есеп беру нысанын әзiрлесiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет қызметiнiң, өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi аясын айқындайтын тиiстi шешiмдер жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады