Мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 7 маусым N 270. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-министiрiнiң 1996.07.12. N 332 өкiмiмен.

      1. Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары арасында мiндеттердi беру бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 456 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Премьер-Министр

                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң
                                 1996 жылғы 7 маусымдағы
                                   N 270 өкiмiмен
                                      бекітiлген

         Үкiмет Аппаратының Басшысы мен оның орынбасарлары
                      арасында мiндеттердi
                            Бөлу
      Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Басшысы 
                          С.И.Шуткин                         

     Аппарат пен оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылық жасау.
      Қазақстан Республикасы Үкiметi мен оның Төралқасының мәжiлiстерiн өткiзу, Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу мәселелерi. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылданған қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентi актiлерiнiң Үкiметтiң құзыретiне жататын бөлiгiнiң орындалуын ұйымдастыру. 
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру. 
      Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Үкiмет тағайындайтын өзге де орталық органдардың басшыларын өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiстi түрде орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң бастамашылығы құқығын жүзеге асыру мәселелерi, Үкiмет қабылдайтын нормативтiк актiлердiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен үйлесуiн қамтамасыз ету.
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындалуын бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiру. 
     Ә.М.Қажыгелдиннiң, Г.Г.Штойктың, Н.Қ, Есенғариннiң, Н.А.Шәйкеновтың кеңесшiлерi топтарының
     Кадр жұмыс бөлiмiнiң
     Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiнiң
     Заң бөлiмiнiң
     Үкiмет Кеңесiнiң
     Қазақстан Республикасы Парламентiндегi Үкiмет өкiлдiгiнiң жұмысын үйлестiру.

              Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты
                  Басшысының бiрiншi орынбасары
                         Б.Т.Биманбетов

     Өндiрiстiк емес салаларды басқару iсiн үйлестiру мәселелерi.
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi.
     Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
     Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң
     Қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң
     Аграрлық сектордағы реформалар бөлiмiнiң
     Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы белгiлеу секторының 
     Үкiмет Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бөлiмiнiң жұмысын үйлестiру.

              Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты
                      Басшысының орынбасары
                          Т.Қ.Бегахметов

      Республикадағы экономикалық және әлеуметтiк дамуды талдау, экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы жоғары экономикалық кеңеспен өзара iс-қимыл мәселелерi. 
      Мемлекет иелiгiнен алу, жекешелендiру, кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi. 
      ТМД мемлекеттерiнiң интеграциясын күшейту iсiндегi үйлестiру мәселелерi. 
      Бюджеттi, кредиттiк саясатты, ақша айналысын, еңбек және халықты жұмыспен қамту, шетелдiк инвестицияларды қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
      Экономикалық реформалар орталығының, Үкiмет Баспасөз қызметiнiң жұмысы мәселелерi, Ғылыми-техникалық прогресс.
      Материалдық өндiрiс салаларын, оның iшiнде агроөнеркәсiп кешенiн басқаруды үйлестiру мәселелерi.
     Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiнiң
     Экономикалық саясат бөлiмiнiң
     Өнеркәсiп саясаты және өнеркәсiп саясаты жөнiндегi кеңесшiлер тобы бөлiмiнiң
     Экономикалық реформалар орталығының жұмысын үйлестiру.

          Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты Басшысының
           орынбасары - Аумақтық даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
                          Қ.Е. Көшербаев
 
      Аумақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi, Үкiметтiң аймақтарындағы шешiмдерiнiң орындалуын бақылау, жергiлiктi атқарушы органдардың кадр мәселелерi. 
      Республикалық шараларды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты бөлiмдерiнiң аймақтық проблемаларды шешу жұмысын үйлестiру. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады