Бюджеттiк ұйымдарды қаржылық бақылау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 28 маусымдағы N 304

      Бюджеттiк қаражаттың мақсатты пайдаланылуын кепiлдендiретiн қаржылық бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және мемлекеттiк мүлiктi талан-таражға салуға қарсы күрестi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң орындалуына, бюджетте тұратын ұйымдардың шығыс сметаларына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдемесiмен шетелден алынғандарын қоса, кредиттердiң мақсатты жұмсалуы мен өтелуiне, заңды тұлғалармен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырған кезде заңдылықтарды сақтай отырып, экспорттық түсiмнiң республиканың өкiлеттi банкiлерiндегi шоттарға толық әрi уақтылы түсуiне бақылауды күшейтсiн;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен және Кеден комитетiмен бiрлесiп заңды тұлғалармен валюта операцияларының дұрыс жүргiзiлуiне, экспортерлердiң шоттарына экспорт түсiмдерiнiң уақтылы түсуiне, импортталатын тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаражат аударуының негiздiлiгiне бақылау орнатсын;
      бюджетке жекешелендiруден, таратылған кәсiпорындардың мүлкiн сатудан түскен қаражатқа, мемлекеттiк мүлiктi жалға бергеннен түскен кiрiске, консулдық алымдарға, мемлекетке жататын акциялар пакетi дивидендтерiне, сондай-ақ жалпы мемлекеттiк қорға аударымның толық және уақтылы жасалуына бақылау орнатсын;
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмi бойынша бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта комитетi аппаратының бақылау-тексеру жұмысы туралы есеп беру нысанына жаңа бюджеттiк жiктеуге сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгiзсiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Бас прокуратураның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша бiр ай мерзiмде мемлекеттiк мүлiктi талан-таражға салуға қарсы күрес жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралардың үйлестiру жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады