1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бекiткен "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының 1995-2000 жылдарға арналған көмiр өндiрудегi және өңдеудегi шығындардың өзiндiк құнын кемiту бағдарламасына сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк
акционерлiк қоғамының жұмыс iстеп тұрған резервтерiн жетiлдiру мен техникалық қайта жарақтандыру жолымен Екiбастұз көмiрiн өндiрудi оңтайландыру жөнiндегi шаралар мақұлдансын. 2. Осы өкiмнiң орындалу барысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне жүктелсiн. Премьер-Министрдiң орынбасары