Әуежайларда май құю пункттерiн ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 11 шiлде N 331

      Қазақстан Республикасы Әскери-Әуе Күштерiнiң пайдалануына арналған авиакеросиннiң стратегиялық запасын тұрақты жаңалауды ұйымдастыру және "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының желiсi бойынша жоспарлы жүк-жолаушылар тасымалын орындау үшiн отын берiп тұру ырғақтылығын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Республика әуежайларында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы "Қазәскеритехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына тиесiлi авиациялық керосин құятын май құю пункттерiнiң жүйелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы "Қазәскеритехимпекс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Алматы қаласының әуежайының аумағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң терминалдарын пайдалана отырып әуе кемелерiнiң авиациялық отынмен жабдықталып, басқа да әуежайларда май құю пункттерiнiң жүйесiн

өрiстететiндей етiп, май құю пункттерiн ашсын.
     3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Көлiк және 
коммуникациялар министрлiгi 1996 жылдың 30 шiлдесiне дейiн Қазақстан 
Республикасының әуежайларында 1996 жылы әуе кемелерiнiң авиациялық отынмен 
жабдықтайтын май құю пункттерiнiң жүйелерiн ұйымдастыру бағдарламасын 
әзiрлесiн.

     Премьер-Министрдiң
         орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады