Мал дәрiгерлiк шараларын жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 7 тамыз N 371

      Адамдардың, ауыл шаруашылығы және үй жануарларының құтырыну ауруы жағдайларының жиiлеп кетуiне байланысты және жағдайды тұрақтандыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      жануарлар арасындағы құтырыну ошақтарында жедел мал дәрiгерлiк шараларын жүргiзуi қамтамасыз етсiн;
      ауыл шаруашылық, жабайы жануарлар арасындағы құтырынудың барлық анықталған ошақтарын есепке алсын, жергiлiктi өкiмет және денсаулық сақтау органдарын дер кезiнде хабардар етсiн;
     ауыл шаруашылық және үй жануарларының құтырынуына қарсы алдын ала егу жүргiзудi атқаруды қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiн және Орман шаруашылығы комитетiн аласталуға тиiстi жануарлар түрлерiн көрсете отырып құтырыну жөнiндегi ошақтардың аумақтары туралы жүйелi түрде хабардар етiп отырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ақпаратына сәйкес барлық аң пайдаланушыларды тарта отырып облыс әкiмдерi осы мақсаттарға бөлген қаржы есебiнен түлкiнiң, қарсақтың және басқа жыртқыш жануарлардың оңтайлы санын аңшылық алқаптарда сақтаудың, сондай-ақ кезбе иттердi, қасқырлар мен шибөрiлердi барынша қысқартудың практикалық шараларын әзiрлеп, жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жануарлар санын реттеу бойынша өткізiлетiн аңшылық шаруашылығы шараларына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi халық арасындағы құтырыну ошақтарында алдын алу және iндетке қарсы шараларды жедел өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi халықтың және жануарлардың құтырынумен ауруына жол бермеуге және азайтуға, оның iшiнде:
      ауланған әрбiр жыртқыш үшiн тиiстi сыйлық берудi, сондай-ақ адамдар мен жануарлар құтырынуының алдын алу үшiн антирабикалық вакциналар мен гамма-глобулиндер сатып алуды көздей отырып құтырыну ошақтарындағы жабайы жануарлар (қасқыр, түлкi, шибөрi, қарсақ және басқа) санын реттеудi жүзеге асыру үшiн қаржы бөлу жөнiндегi мәселелердi шешуге;
      елдi мекендерде және одан тысқары жерлерде кезбе иттер мен мысықтарды, оларға сыйақы төлеудi белгiлей отырып, аулау мен жоюды ұйымдастыруға;
      қалалар мен елдi мекендерде иттердi есепке алуды, паспорттауды және ұстауды реттеуге бағытталған өткiр әлеуметтiк-экономикалық және шаруашылық шараларды әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" Республикалық корпорациясына халық арасында санитарлық-алдын алу және түсiндiру жұмыстарын кеңiнен жүргiзудi қамтамасыз ету, мамандар мен ғалымдарды қатыстыра отырып құтырыну және оның алдын алу шаралары туралы бiрқатар әңгiмелесулер мен репортаждар әзiрлеп, жариялау, эфирге шығару мiндеттелсiн және Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi Ұлттық агенттiкке ұсынылатын болсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады