Селден қорғау плотинасына арналған шұғыл құрылыс жұмыстарын жүргiзуге қаржы бөлу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 12 тамыз N 379
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны үшiн төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң резерв қорынан Талғар өзенi бассейнiнде селден қорғау плотинасына арналған шұғыл құрылыс жұмыстарын жүргiзуге 14 /он төрт/ млн. теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бөлiнген қаражатты игерудiң тиiстi бағдарламасын бекiтiп, оның орындалуына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз