"Қостанайхимволокно" АҚ-ын қаржылық сауықтыру, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiнде комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 16 тамыз N 391

      1. "Қостанайхимволокно" АҚ-ын қаржылық сауықтыру,

өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi бiрiншi
кезектегi шаралар жоспарын әзiрлеу және тиiстi ұсыныстар дайындау
мақсатында мына құрамда комиссия құрылсын:

     Шевелев В.В.        - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
                           және сауда министрiнiң орынбасары,
                           комиссия төрағасы

     Сармұрзина Р.Г.     - Қазақстан Республикасы Экономика
                           министрлiгi-макроэкономикалық саясат
                           бас басқармасы бастығының орынбасары,
                           комиссия төрағасының орынбасары

     Асатов Б.К.         - Қостанай облысы әкiмiнiң бiрiншi
                           орынбасары

     Желтяков Н.А.       - "Лисаков химволокно заводы" АҚ-ның
                           президентi

     Мұқышев К.М.        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                           мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                           комитетi базалық өнеркәсiп саласы бас
                           басқармасының бастығы

     Раханов М.С         - Қазақстан Республикасы Жекешелендiру 
                           жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                           төрағасының бiрiншi орынбасары 

     Сафронова А.С.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                           сауда министрлiгi химиялық өндiрiс
                           және халық тұтынатын тауарлар бас
                           басқармасы бастығының орынбасары

     Смайылов О.Ж.       - "Тұранбанк" мемлекеттiк акционерлiк
                           банкi облыстық басқармасының
                           меңгерушiсi

     Ундашев А.К.        - Қазақстан Республикасы Қаржы
                           министрлiгi мемлекеттiк инвестициялар
                           және жекешелендiру басқармасының
                           бастығы

     2. Комиссия "Қостанайхимволокно" АҚ-ын дағдарыс жағдайынан
шығару жөнiндегi ұсынысын Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс
етсiн.



      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады