Түрiк және герман кредит желiлерi бойынша берешектi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 20 тамыздағы N 393

      Түрiк және герман кредит желiлерi бойынша берешектi өтеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған есептерiнiң негiзiнде қосымшаға сәйкес дәрменсiз заемшылар үшiн жалпы сомасы 1 126 129 (бiр миллион жүз жиырма алты мың жүз жиырма тоғыз) АҚШ доллары берешектi, сондай-ақ 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттар шегiнде есептелген айыппұлдар сомасын өтесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      аталған заемшылар үшiн төленген соманың республика бюджетiне сөзсiз қайтарылуына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, "Игiлiк" акционерлiк қоғамы, "Әйгерiм" бiрлескен кәсiпорны, "Актурбо" акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi арасында үш жақты келiсiм жасасын.
      "Игiлiк" акционерлiк қоғамы мен "Әйгерiм" бiрлескен кәсiпорны

бойынша материалдарды республика бюджетiнен алынған ресурстарды
қайтару жөнiнде шара қолдану үшiн Қазақстан Республикасының сот
органдарына берсiн.
     3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Премьер-Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                         Премьер-Министрiнiң
                                       1996 жылғы 20 тамыздағы
                                           N 393 өкiмiне
                                              қосымша

                  Шетелдiк кредиттi өтеу жөнiндегi
                         берешек сомасы
___________________________________________________________________
                    |   Төлем  |            Оның iшiнде
     Заемшы-ұйым    |  сомасы  |___________________________________
                    |          | негiзгi | проценттер | басқалар
                    |          |  қарыз  |            |
____________________|__________|_________|____________|____________
                    |          |         |            |
Түрiк кредит желiсi |          |         |            |
"Игiлiк" АҚ         | 1 007 241| 857 245 |   146 422  |   3 574
"Әйгерiм" БҚ        |    14 598|    -    |    14 528  |     -
Герман кредит желiсi|          |         |            |
"Актурбо" АҚ        |   104 290|    -    |    90 847  |  13 443
____________________|__________|_________|____________|____________
    Барлығы:        | 1 126 129| 857 245 |   251 867  |  17 017
____________________|__________|_________|____________|____________
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады