Шабандоздардың бүкiл әлемдiк бiрiншi кездесуiне спорттық делегацияның қатысуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1996 жылғы 3 қыркүйек N 415

      1. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң Венгр халқы Отанының 1100-жылдығына арналған 1996 жылдың 16-24 қыркүйегiнде Кечкемет қаласында (Венгрия) болатын шабандоздардың бүкiл әлемдiк бiрiншi кездесуiне спорттық делегацияның қатысуы туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне Қазақстанның спорттық делегациясының шабандоздардың бүкiл әлемдiк бiрiншi кездесуiне әзiрленуiне және оған қатысуына арнап 1996 жылдың республикалық бюджетiнде "Дене тәрбиесi және спорт" 204 бөлiмiнде спорттық шараларға көзделген қаражат есебiнен 51500 (елу бiр мың бес жүз) АҚШ долларына тең сомада қаражат бөлсiн.
      3. Семей, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкiмдерi шабандоздардың бүкiл әлемдiк бiрiншi кездесуiне қатысуға спорттық делегацияны әзiрлеуге көмек көрсетсiн.
      4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады