Халықаралық ралли марафонын өткiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 6 қыркүйек N 421-ө
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткiзiлетiн ралли-марафонның шығыстарын "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитетiнiң қаржыландыратыны назарға алынсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Автомотоспорт федерациясымен бiрлесiп, раллиге қатысатын автомобильдер мен оның ұйымдастырушыларының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ұйымдасқан түрде жүруiн және Қазақстанның шекарасын кесiп өтуiн қамтамасыз етсiн.
4. Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиа компаниясы, Қазаэронавигациясы, Қазақстан Республикасының Кеден комитетi, Ақтөбе, Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкiмдерi "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитетiне осы шараларды өткiзуге көмектессiн.
5. "Қазақстан Теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитетiмен ралли-марафонның Қазақстан аумағындағы кезеңiн жариялауды келiссiн.
6. "Мастер-ралли" халықаралық ұйымдастыру комитетi "Париж - Мәскеу - Улан-Батор - Пекин" автораллиiнiң халықаралық автомобильдер федерациясының (ХАФ) тұрақты жарыс күнтiзбесiне енгiзiлуiне байланысты автомарафон басталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын Үкiметке ралли өткiзудiң келiсiлген жоспарын және Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы мен халықаралық ұйымдастыру комитетiнiң арасындағы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясының талап етуi бойынша техникалық және ұйымдастыру сипатындағы қажеттi ақпаратты ұсынатын болсын.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз