Тұрғын емес үй-жайларды қоғамдық бiрлестiктердiң пайдалануын реттеу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 11 қыркүйек N 435-ө
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы қоғамдық бiрлестiктерiнiң тiзбесiн ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi есеп айырысуларының жай-күйi мен тұрғын емес үй-жайларды мүлiктiк жалға алудың белгiленген тәртiбiн сақтауына тексеру жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекеттiк меншiкке жататын тұрғын емес үй-жайларды пайдалануынан түскен ақша қаражатының тиiстi бюджетке түсуiне тексерiс жүргiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарласын.
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары В.В. Соболевқа жүктелсiн.
Премьер-Министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз