"Финтрако" фирмасымен контракт жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Өкiмi 1996 жылғы 4 қазан N 469-ө

      "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 қыркүйектегi 2457 U952457_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ғимаратын жобалау және құрылысын салу жөнiндегi тапсырысшы болып белгiленсiн.
      2. "Финтрако" түрiк фирмасы ұсынған 10.000 ш. метр алаңдық Қазақстан Республикасы Үкiметi ғимаратының жобасы мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ғимаратын жобалау мен құрылысын салуға "Финтрако" фирмасымен контракт жасау және оның құны мен құрылысының мерзiмiн айқындау тапсырылсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады